15 қарашада мемлекетіміз Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күнін атап өтеді. 1993 жылдың дәл осы күні теңге қолма-қол ақша айналымына енгізілді. Теңге – әлемдегі жалғыз екі тілді валюта. Қаржылық сауаттылықты дамыту мақсатында колледжде студенттер арасында Ұлттық валюта күніне арналған сынып сағаты өтті.