Суды құрметтеуге тәрбиелеу – балаларға экологиялық тәрбие берудің құрамдас бөліктерінің бірі.
Жыл сайын ауыз судың мөлшері күрт азайып келеді. Тұтынуға жарамды су мәселесі ең өзекті және жаһандық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені планетадағы әрбір адамның өмірі мен әл-ауқаты суға байланысты.
2024 жылдың 17 желтоқсанында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 1 курс студенттеріне экологиялық тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты суды тіршілік көзі ретінде пайдалану және суды үнемдеу мәдениетін дамыту.